“Астана” Конференция Лигасының топтық кезеңінде

29.08.2024, 21:02

Елордалық “Астана” Конференция Лигасының плей-офф сатысындағы қарымта кездесуінде норвегиялық “Браннан” басым түсті (3:0).

“Астана” Конференция Лигасының топтық кезеңінде

Конференция Лигасы, 2 ойын

“Астана” 3:0 “Бранн”

Голдар: Чинеду 61’, 81’, Кәрімов 90+1’

Еске салайық, аталған ұжымдар арасындағы алғашқы ойын Бранның пайдасына 2:0 есебімен шешілген болатын. Алайда соған қарамастан “Астана” еңсесін түсірмей керемет камбэк жасады.

Бүгінгі ойында жеңіске жетудің арқасында сары-көктер Конференция Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Естеріңізде болса, “Астана” 2023/24 жылғы маусымда Конференция Лигасының С-тобында бақ сынаған болатын. Енді міне екінші жыл қатарынан алып турнирдегі жорығын жалғастырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Астана
Серіктес жаңалықтары
×