Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің сырт алаңдағы матчында «Астана» Молдованың «Зимбру» командасымен кездесті.
Бірінші таймда-ақ алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соғылды. Голдарды Джеффри Чинеду мен Усман Камара салды. Екінші таймда қазақстандық клуб басымдықты сақтап, жеңіске жетті. Есеп: 2:0.
Осылайша, «Астана» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Енді олар Солтүстік Македонияның «Вардар» мен Швейцариялық «Лозанна» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
«Зимбру» (Кишинев, Молдова) — «Астана» (Астана, Қазақстан) — 0:2 (0:2)
Голдар: Чинеду 18 (0:1), Камара 21 (0:2)
Бірінші ойын: 1:1.