Клуб лидерінің қазіргі жағдайға байланысты командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Vesti.kz порталының хабарлауынша, өткен маусымда "Астананың” ғана емес, бүкіл чемпионаттың үздік сұрмергені атанған Албаниялық Назми Грипши жақында өткен KFF League Awards марапаттау рәсімінде журналистермен әңгімелесу барысында, осы қыста клубтық тіркеуін өзгертуі мүмкін екенін меңзеген.
Яғни, "Астананың” қаржылық проблемаларына байланысты, жаңа маусымда команданың негізгі шабуылшысы басқа клубтың сапын толықтыруы мүмкін.