«Астана» клубының Маркетинг және қоғаммен байланыс директоры Қайсар Бекенов елордалық ұжымның ҚПЛ мен Еурокубоктегі мақсат-міндеттерімен бөлісті.
Отандық менеджердің айтуынша, Григорий Бабаян командасы басымдықты премьер-лигаға беріп отыр.
«Осының алдында да маусымның соңындағы басымдықтың Премьер-лигаға берілетінін айтқам. Конференциялар Лигасының негізгі кезеңін табысты бастаудың сәті түскен еді, алайда, бұдан ары сырт алаңдағы ауыр үш матч пен өз алаңымыздағы екі матч – осал емес «Витория Гимарайнш» пен «Челсимен» болатын ойындар бар. Келесі кезеңге шығу міндеті тұрған жоқ, себебі, команда онсыз да бойынан аса секіріп отыр. Десе де, немқұрайлы ойнап шығудан аулақпыз. Мұнда көп дүние ішкі біріншіліктің нәтижелерімен байланысты, дегенмен, отандық футболдың намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғауға тырысамыз», - деді Қ. Бекенов мырза.
Айта кетейік, елордалық клуб Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінің екінші турында сырт алаңда Уэльстің «ТНС» командасымен ойнайды. Бұл матч 24-қазанға жоспарланған. Әзірше «Астана» негізгі кезеңдегі 36 клубтың арасында он төртінші сатыға жайғасқан. Еске саламыз, турнирдің 1/8 финалына алғашқы сегіз орын иегері тікелей шықса, 9-24 орын аралығынан көрінген командалар плей-оф жолдамасы үшін өтпелі кездесулерде өзара таласатын болады.
Біздің серіктес: FONBET