«Астананың» бапкері Григорий Бабаян Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінің екінші турындағы уэльстің «Нью-Сейнтс» командасына қарсы кездесу туралы айтты.
Бұл бәсеке бүгін 23:50-де басталады.
«Иә, біз шынымен «Елімайға» қарсы ойнаған 11 футболшыны Алматыға қалдырып кеттік. Біріншіден, ұзақ уақыт бойы ұшып, жолда болған себепті кеше жаттығу жасай алмадық. Екіншіден, командамыздың тарихында қазіргідей тығыз кесте ешқашан болмаған еді. Сондай-ақ, бұған биыл чартерлік рейстердің болмауын қосыңыз. Күні кеше ғана Семейде «Елімайға» қарсы ойнасақ, ертең Англияда доп тебеміз. Осыдан кейін рейстік ұшақпен кері қайтып сенбіде жетеміз, ал жексенбіде «Ақтөбеге» қарсы матч күтіп тұр. Футболшылар робот емес, мұндай қысымға ешкім де шыдай алмайды. Сондықтан, футболшылардың, бапкерлік және медициналық штабтың жартысын Алматыға қалдырып кетуге тура келді. Енді өткен кездесуге қатыспаған 11 ойыншы мен қосалқы құрамымыздағы 6 футболшымыз бар. Бұл матч оларға үлкен тәжірибе болғалы тұр», - деді Г.Бабаян.
Айта кетейік, «Астананың» турнирдегі қарсыластары «Нью-Сейнтстен» бөлек тағы, кипрлік «Апоэл» мен «Пафос», португалиялық «Витория Гимарайнш» және АПЛ-өкілі «Челси. Жарыстың келесі раундына негізге кезеңдегі үздік 24 клуб жолдама алады.
Біздің серіктес: FONBET