«Астана» Конференция лигасының келесі кезеңіндегі ықтимал қарсыласын білді

21.07.2025, 17:21

Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, оның нәтижесінде қазақстандық «Астана» клубының осы кезеңдегі ықтимал қарсыласы анықталды.

«Астана» Конференция лигасының келесі кезеңіндегі ықтимал қарсыласын білді

Егер «Астана» екінші раундта Молдованың «Зимбру» командасынан басым түссе, үшінші кезеңде Солтүстік Македонияның «Вардар» немесе Швейцарияның «Лозанна» клубтарының арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл кезеңнің матчтары 7 және 14 тамыз күндері өтеді.

«Астана» мен «Зимбру» арасындағы алғашқы кездесу 24 шілдеде Астанада өтсе, қарымта матч 31 шілдеде Кишинев қаласында ойналады.

Айта кетейік, Конференция лигасында Қазақстан намысын «Ақтөбе» де қорғауда. Ол да екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал бұған дейін турнирге қатысқан «Ордабасы» алғашқы кезеңнен кейін жарысты аяқтаған болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×