Кипрас Кажуколовас үшін бұл маусым аяқталды.
24 жастағы қорғаушы крест байлам тәрізді ауыр жарақат алып қалыпты. Сол себепті литвалық елордалық команданың маусымдағы қалған кездесулеріне көмектесе алмайтын болды.
Жалпы аталған жарақаттан толық айығу курсы кемінде 7 ай бойы жүзеге асады. Ал ішкі чемпионаттың аяқталуына небәрі 2 айдан аз уақыт қалды.
“Астана” командасы үшін Кажуколовастың қатардан шығып қалуы үлкен мәселе туғызатыны анық. Себебі, Кипрас Бабаянның сенімді орталық қорғаушыларының бірі. Ол осы маусымда елордалықтар сапында барлық турнирлерде 22 матч өткізді.
Айта кетейік, Чемпионаттың қалған бөлігінде “Астана” “Елімай”, “Тобыл”, “Оқжетпес”, “Ақтөбе” және “Қайрат” ұжымдарымен бақ сынасады.