«Астана» «Мақтааралды» ірі есеппен ұтты

04.07.2022, 01:59
Елордалық клуб үшін өз алаңында ірі есеппен жеңу әдетке айналды.
«Астана» «Мақтааралды» ірі есеппен ұтты

«Астана» Қазақстан Премьер-лигасының он алтыншы турында «Мақтааралды» қабылдады. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.

Ойынның алғашқы бөлігінде гол соғылған жоқ. Ал екінші таймда «Астана» шабуылшысы Марин Томасов хет-трик жасады. Матчтың аяқталуына бірнеше минут қалғанда қосалқы құрамнан шыққан Сұлтан Сағынаев елордалық клубтағы дебюттік голын соқты.

Қазақстан Премьер-лигасы, 16-тур

«Астана» – «Мактаарал» – 4:0

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва, Абзал Бейсебеков (к), Артем Рахманов, Камо Оганесян (Сағи Совет 31) – Аслан Дарабаев, Макс Эбонг (Сұлтан Сағынаев 78), Жереми Манзорро (Юрий Перцух 86) – Педро Эуженио, Марин Томасов, Рай Влут (Станислав Басманов 78);

«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Ерболат Рүстемов, Артем Разгонюк, Егор Потапов, Руслан Юденков (к), Диёржон Арипов – Расамбек Ахматов, Драмане Коне – Алекс Бруно, Биллал Себаихи, Ринат Джуматов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×