Еуропа лигасының плей- офф бәсекесіндегі алғашқы матчта өз алаңында "Вильярреалды" қабылдаған "Астана" 3-0 есебімен жеңілсе, "Ақтөбе" "Легиядан" 1-0 есебімен ұтылды.
Елордалықтар өз алаңында "Вильярреалды" қабылдаған болатын. Алайда "Астана" испаниялық азулы командаға төтеп бере алмады. Матчтың 36 минутында Кани мергендігімен көзге түсіп, испандықтарды алға шығарды. Екінші таймның 46 минутында мексикалық сұрмерген кезінде "Барселона" сапында өнер көрсеткен Джова́ни дос Са́нтос есепті еселеп 2-0- ге жеткізді. 84- ші минутта испаниялық қорғаушы Марио Гаспир үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.
Қарымта ойын 28- ші тамыз күні Испанияда өтеді.
Еуропа лигасының плей- офф бәсекесіңде "Ақтөбе" өз алаңында "Легиядан" айласын асыра алмады. Ақтөбеде өткен матчта польшалықтар 1-0 есебімен жеңіске жетті. Көптеген шабуылдарға иек артқан ақтөбеліктерге бұл матчта гол соғу бақыты бұйырмады. Екінші таймның 46- шы минутында Ондрей Дуда қақпашымен жеке шығып, есепті ашқан болатын. Бір гол соғып алған польшалықтар есепті еселеуге асықты. Бірақта "Ақтөбе" ойыншылары тойтарыс беріп, қарымта шабуылдарға кірісті. Осылайша тоқсан минутта аяқталып, жеңіс ольшалықтарға бұйырды.
Қарымта ойын 28- ші тамыз күні Польшада өтеді.
Ерден Нұрахмет