«Астана» мен «Каспий» алғашқы ойында жеңімпазды анықтай алмады

22.08.2021, 02:00
«Астана» соңғы секундтарда жеңісті уысынан шығарып алды.
«Астана» мен «Каспий» алғашқы ойында жеңімпазды анықтай алмады

"Астана" Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы алғашқы матчында ақтаулық "Каспийді" қабылдады. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 3:3 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 4-минутында Макс Эбонгтың алыстан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. 36-минутта Абат Айымбетов командасының есептегі басымдығын ұлғайтты. Бірақ 39-минутта Мақсат Тәйкенов пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Ал бірінші тайм аяқталар сәтте Руслан Сахалбаев таразы басын тең қылды. Кездесудің 83-минутында Жарко Томашевич бұрыштамадан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттап, командасына жеңіс сыйлайын деп тұрған. Алайда 96-минутта Аслан Дарабаев пенальти тебу құқығына ие болып, оны өз пайдасына жаратты.

Қос команда арасындағы жауапты матч 22 қыркүйек күні "Жас Қанат" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×