Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) өз сайтында еуропалық жарыстардың топтық кезеңдерінің нәтижелері бойынша клубтар рейтингін жариялады.
Рейтинг 200 клубтан тұрады. Қазақстандық командалардың ішінен оған тек "Астана" мен "Қайрат" енді. Елордалық команда 63-орынға (22 500 ұпай), ал алматылық ұжым 191-орынға (6000 ұпай) түрақтады.
"Астана" еурокубоктың ағымдағы маусымын Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастады және Бресттің "Динамосынан" жеңіліп қалды (3:6). Осы сәтсіздіктен кейін команда Еуропа лигасына ауысып, екінші іріктеу кезеңінде черногориялық "Будучность" клубынан ұтылды (0:1).
Алексей Шпилевский шәкірттері Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде армениялық "Ноаны" жеңгенімен (4:1), екінші айналымда израильдік "Маккаби Хайфаға" есе жіберді (1:2).
Жаңартылған УЕФА рейтингі төмендегідей:
1. "Бавария" - 122 000 ұпай;
2. "Барселона" - 116 000;
3. "Ювентус" - 113,000;
4. "Реал Мадрид" - 112 000;
5. "Атлетико Мадрид" - 110 000;
6. "Манчестер Сити" - 105 000;
7. ПСЖ - 101 000;
8. "Манчестер Юнайтед" - 97000;
9. "Севилья" - 92,000;
10. "Ливерпуль" - 90 000;
34. ЦСКА - 40 000;
63. "Астана" - 22 500;
191. "Қайрат" - 6000.
Біздің серіктес: FONBET