«Астана» мен «Шахтер» голды қарша боратты

03.07.2021, 02:08
Елордалық клуб қайтадан көш басына шықты.
«Астана» мен «Шахтер» голды қарша боратты

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры қарсаңында "Шахтерды" қабылдады. Матч "Астана Аренада" өтіп, 4:3 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Ойынның небәрі 6-минутында Макс Эбонг Барсегянның пасын ұтымды пайдаланып есеп ашты. 26-минутта Валерий Чуперка есепті еселеді. 41-минутта "Шахтердың" жас футболшысы Свиридов екі ойыншыны алдап өтіп, гол соқты. Ал 55-минутта Марин Томасов айып алаңына әуелете пас асырып еді, Абат Айымбетов бұл допты қақпаға дәл бағыттады. Бірақ 64-минутта Геворг Наджарян командасының екінші голын соқты. 77-минутта Барсегян ойынның нүктесін қойғандай болып еді, бір минуттан кейін Қыбырай мергендігімен көзге түсті.

Үш ұпайды қоржынына салған елордалық клуб 41 ұпаймен көш басына қайта оралды. "Шахтер" 19 ұпаймен он бірінші орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×