Қазақстан жастар құрамасы мен "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Нұрали Жақсылық өзінің болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Соңғы уақытта отандық БАҚ беттерінде талантты ойыншының мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін екені туралы ақпарат жиі айтылып жүр.
Жас талантқа Албаниялық "Партизани” (FK Partizani Tirana) клубы тарапынан қызығушылық бар екені расталды. Нұралидің айтуынша, қазіргі таңда агенті осы бағытта жұмыс істеп жатыр:
"Агентім Албания тарапында келіссөздер жүргізу және жұмыс істеу үшін тиісті рұқсатты (авторизацияны) сұратты. Бұл мәселе қарастырылып жатыр.” — дейді футболшы.
Дегенмен, ойыншы әзірге нақты шешімнің шықпағанын және болашағы әлі де белгісіз екенін жасырмады. Әзірге ол "Астана” сапында қала ма, әлде жаңа клубпен оқу-жаттығу жиындарына аттана ма — ол жағы белгісіз:
"Қазірше қай командамен бірге маусым алдындағы дайындық жиындарына баратынымды нақты білмеймін.” — деп түйіндеді Нұрали Legalbet.kz сайтына берген сұхбатын.