Елордалық "Астананың" жартылай қорғаушысы Иван Башич 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатында нәтижелі пас беріп, тарихи көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Сиэтлде өткен В тобының соңғы туры аясында Босния және Герцеговина құрамасы Катармен кездескен еді.
Ойынның 29-минутында Иван Башичтің шығарған пасынан кейін Керим Алайбегович есеп ашып, Босниялықтарды алға шығарған болатын. Қорытынды есеп 3:1, Босниялықтардың пайдасына шешіліп, плей-оффқа жолдама алды.
"Астана” хавбегі — Қазақстан Премьер лигасы тарихында Әлемдік додада бақ сынап жатқан ең алғашқы футболшы.