“Астана” ойыншысы РПЛ-ге аттанды

Бүгін, 07:12

Албаниялық футболшы Назми Грипши мансабын Ресей Премьер лигасында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Астана” ойыншысы РПЛ-ге аттанды

28 жасар жартылай қорғаушы Қазандық "Рубинмен” ресми түрде келісімшартқа отырды.

Тараптардың уағдаласуы бойынша, Грипши мен "Рубин” арасындағы келісімшарт 2028/29 жылғы маусымның соңына дейін жасалды. Жаңа командасында ол 11-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Грипши елордалық клуб сапында 53 матчқа қатысып, 25 гол соқты және 12 нәтижелі пас берді.

Назми Грипши бұған дейін Албания мен Косовоның белді клубтарында ("Теута", "Скендербеу", "Балкани") ойнаған. Сондай-ақ, Албания ұлттық құрамасы сапында бір кездесу өткізген тәжірибесі бар.

Ресей чемпионатының 18 турынан кейін "Рубин” 23 ұпаймен турнирлік кестеде 7-ші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×