"Астана" клубының жартылай қорғаушысы Усман Камара Гвинея ұлттық құрамасының қараша айындағы жолдастық кездесулерге арналған негізгі тізіміне енді.
Африкалық футболшы өз елінің намысын 15 қараша күні Тогоға, ал 18 қарашада Нигерге қарсы өткізілетін екі матчта қорғайды. Екі ойын да Гвинеяда өтеді.
Камара бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Мозамбикке қарсы өткен ойында (2:1) нәтижелі пас берген болатын.