20 жастағы Нұралы Жақсылық мансабын шет елде жалғастыруы мүмкін.
Футболшыға Литва чемпионатында 29-тур қорытындысы бойынша 64 ұпаймен көш бастап тұрған Кауно Жальгирис командасы қызығып отыр екен.
Айта кетейік, қазірде бұл ұжымда кезінде ҚПЛ ойнап кеткен Тимур Чогадзе, Антон Толордава және Фабен Урега өнер көрсетуде.
Шабуыл шебінің кез-келген жағында ойнай беретін Нұралы осы маусымда Астана сапында 18 матч өткізіп, 3 гол мен 2 голдық пас берді.
Жақсылық 2023 жылдың 11 қыркүйегінен бері Қазақстан U21 құрамасына тұрақты түрде шақыртылып келеді.