«Астана» «Оқжетпесті» ірі есеппен жеңді

27.10.2020, 03:22
Бұл ойында екі ойыншы дубль жасады.
«Астана» «Оқжетпесті» ірі есеппен жеңді

Елордалық "Астана" Қазақстан чемпионатының 15-турында Көкшетаулық "Оқжетпесті" еш қиындықсыз жеңді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды.

"Астана" шабуылшысы Тигран Барсегян ойынның 11-минутында Марин Томасовтың пасынан кейін есеп ашты. Ал 29-минутта Барсегян дубль авторы атанды. 40-минутта Марин Томасов кездесудегі үшінші голды соқты. Нәтижелі пасты Дмитрий Шомко өз еншісіне жазды.

Екінші тайм бастала салысымен Алексей Щёткин қанжығасын майлады. Ал 56-минутта "Оқжетпес" ойыншысы Дмитриев есеп айырмасын қысқартқан еді. Бірақ 86-минутта Алексей Щеткин дубль жасап, ойынның нүктесін қойды.

"Астана" бұл ойыннан кейін 27 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 10 ұпайы бар "Оқжетпес" оныншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×