«Астана» «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысына көз тікті

19.10.2021, 22:42
Елордалық клуб футболшыны Чуперка немесе Эбонгтың орнына алуы мүмкін.
«Астана» «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысына көз тікті

"Ордабасы" сапында тамаша маусым өткізіп жатқан жартылай қорғаушы Эльхан Астановқа "Астана" клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Елордалық клуб ойыншыны қысқы трансфер кезеңінде қатарға қосуы мүмкін.

Биыл Астанов "Ордабасы" командасында өзін жақсы қырынан көрсетуде. ҚПЛ-да 22 матч өткізіп, 2 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Наурызда Эльхан Францияға қарсы кездесуде ұлттық құрамадағы дебютін жасады. Одан кейін де ойыншы Қазақстан жастар құрамасына үнемі шақырту алып жүрді.

"Ордабасыда" бюджет едәуір қысқарды, сондықтан Астанов сияқты ойыншыларды ұстап қалу клубқа оңай болмайды. Ал "Астана" құрамын қайта жасақтауы мүмкін, себебі Валерий Чуперка ​​мен Макс Эбонгқа шетелден ұсыныстар түсуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×