«Астана» - «Ордабасы» ойынына болжам

05.04.2025, 12:49

4-турдың орталық ойыны.

«Астана» - «Ордабасы» ойынына болжам
Андрей Мартин

Елордалық команда маусымның басында жоғары деңгейлі ойын көрсетуде. Әсіресе, Марин Томасовтың өнері сойқан - қартаймайтын хорват өткен демалыста «Жетісудың» қақпасына хет-трик салып, бір өзі талдықорғандық клубты «жоқ қылып» жіберді. Үш тур қортындысы бойынша  Григорий Бабаян командасы екінші сатыға жайғасқан. Алғашқы ойындағы тең нәтижеден кейін (Қайрат 1:1) ешкімді шыдатар емес - «Қызыл-Жар» 2:0, «Жетісу» 3:0». Бір салса үштен топырлататын Марин Голпасов Томасовтан бөлек, Макс Эбонг пен Назми Грипши бар. Алаң иелерінің қорғаныстағы ойыны да сенім ұялатады - әзірге Дастан Сәтпаевтан басқа Мұхаммеджан Сейсеннің осал тұсын ешкім таба алған жоқ. Түркияда ойынын таба алмаса елордалықтар қатарын Абат Айымбетовтің толтыруы ықтимал деген әңгіменің шыққанын жаздық. Кім біледі, жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды емес пе? 

«Ордабасы» үшін бүгін бел не белбеу кететін кездесу. «Астана Аренада» жеңіске жетпесе, бас бапкердің басы кетеді деген ақпарат бар. Қысқасы, Андрей Мартин бүгін орнынан айырылуы мүмкін екен. 

Шымкенттік команданың ҚПЛ-2025-тегі көрсеткіші - 2 ұпай, 0 гол! Біраз ауыс-түйістеріне қарамастан «Ордабасы» премер-лигада әрдайым фавориттер қатарынан саналады, биыл да солай болған. Бірақ, клуб президенті Асхат Сейсембектің уәделері әзірге орындалмай тұр. 

Маусым басында команда капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысына байланысты шығып кеткен дау-дамай онсыз да шатқаяқтап тұрған клубтың берекесін одан ары қашырды. Клуб жанкүйерлерінің қысымы соншалықты тіпті спорт директоры Қайрат Әшірбековтің өзі жағдайды түсіндіріп, шыдамдылыққа шақыруға мәжбүр болды. Сонымен, ҚПЛ-2025-тегі алғашқы бапкер қуыла ма? 

 

Бұл бәсекеде шымкенттік клуб жеңілмейді деп ойлаймыз. Бұл нұсқаны таңдағандарға біздің серіктес 2 коэффициент тарту етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×