“Астана” – “Ордабасы” : Жеңімпаз белгілі болды

Бүгін, 15:35

Бүгін Қазақстан Премьер лигасының бесінші турының орталық матчы өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Астана” – “Ордабасы” : Жеңімпаз белгілі болды

Елорда төріндегі "Астана" мен Шымкенттің "Ордабасы” ұжымдары арасындағы кездесу алдында танымал маман Алмас Құлшынбаев өз ойын ортаға салып, мәлімдеме жасады.

Sports.kz порталына берген сұхбатында маман Шымкенттік ұжымның ойынында әлі де болса шикіліктер бар екенін алға тартты. Оның пікірінше, "Ордабасы” өткен маусымдағы қателіктерінен әлі арыла қойған жоқ.

“Мен неге екені белгісіз, бұл кездесуде "Астананың” жеңіске жететініне сенімдімін. Шымкенттіктер өткен маусымда көрсеткен ойын өрнегі сол күйі өзгеріссіз қалып отыр. Демек, ескі проблемалар да шешілген жоқ.” — дейді Алмас Құлшынбаев.

Шымкенттік клубтың қатарына қосылған жаңа есімдер команданың деңгейін көтеруі мүмкін, бірақ сарапшы бұған күмәнмен қарайды:

"Жаңа футболшыларға командаға сіңісіп кету үшін уақыт керек. Ойын жүйесінің өзгермеуі қарсыластар үшін "Ордабасыны" оңай олжаға айналдыруы мүмкін. Елордалық клуб өз жанкүйерлері алдында ұпай жоғалтпауға тиіс."

Құлшынбаевтың пайымдауынша, матч "Астана” үшін оңай болмайды, бірақ қорытынды есеп елордалықтардың пайдасына шешілмек. 

Естеріңізге сала кетейік, қос алпауыттың кездесуі бүгін Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×