
«Астана» футболшылары «Ордабасы» қақпасына салған голдарын тойлауда
Жаңа ғана төртінші турдағы орталық кездесу аяқталды.
«Астана» өз алаңында «Орбабасыны» 2:1-мен ұтып кетті. Алаң иелерінің сапында Усман Камара дубль салып, ойынның қаһарманы болды (34-мин, 58-мин). Ал шымкенттік клубтың жалғыз голын Сұлтанбек Астанов соқты (40-мин).
Сонымен, 4-турдан кейін Григорий Бабаянның командасы 10 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді. Ал «Ордабасы» 2 ұпаймен көштің соңында қалып келеді.
Естеріңізде болса, осыған дейін БАҚ-та Андрей Мартиннің орнын бостауы мүмкін деген ақпараттар тараған. Клуб басшылығы «Ордабасы» елордада үш ұпай олжаламаған жағдайда модовалық маманмен келісімшартты үзуі мүмкін делінген.
Біздің серіктес: FONBET