«Астана» «Ордабасымен» болған матчтың соңғы минутында жеңісті жұлып әкетті

08.05.2022, 01:04
Шымкенттік клуб қатарынан екінші матчта жеңілді.
«Астана» «Ордабасымен» болған матчтың соңғы минутында жеңісті жұлып әкетті

Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турында «Ордабасы» мен «Астана» клубтары күш сынасты. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды.

Матчтың 16-минутында Педро Эудениу қақпашымен жеке-дара шығып, өз мүмкіндігін гооға айналдырды. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Серж Ньюадзи мергендік танытты. Ойындағы жеңісті голды 95-минутта Станислав Басманов соқты.

Қазақстан Премьер-лигасы, 10-тур

«Ордабасы» – «Астана» – 1:2

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) (к) – Сағадат Тұрсынбай, Евгений Чаговец (Әділхан Добай 19), Карам Сұлтанов, Аслудин Хаджиев (Максим Ваганов 75) – Александр Батищев (Муроджон Халматов 59), Секу Думбия, Виктор Брага, Эльхан Астанов – Всеволод Садовский (Батырхан Тәжібай 75), Серж Ньюадзи (Луис Гедеш 75);

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Сағи Совет (Талғат Күсяпов 59), Даниил Бескоровайный, Денис Поляков, Камо Оганесян – Аслан Дарабаев, Макс Эбонг (Абат Айымбетов 76), Жереми Манзорро – Педро Эуженик, Марин Томасов (к) (Станислав Басманов 88), Рай Влут (Сұлтан Сағнаев 88);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×