«Астана» «Қайраттан» 7 ұпайға озып кетті

24.09.2018, 16:08
«Астана» «Қайраттан» 7 ұпайға озып кетті
«Астана» бірінші айналымда Оралда «Ақжайықтан» ірі есеппен ұтылған. Бабаян сол қателіктен сабақ шығарған екен. Тіпті, команданың жартысы Киевтен шаршап келсе де, қажетті үш ұпайға қол жеткізді. «Астана» футболшылары мәселені бірінші таймда шешіп тастауды көздеген секілді. Сол мақсаттары жүзеге де асты. Ойындағы үш гол да алғашқы 45 минутта соғылды. Бірақ Бабаян бапкер команданың бірінші таймдағы ойнына көңілі толмайды. – Команданың екі гол соққанына қарамастан, бірінші таймда ойыны көңілден шыққан жоқ. Біз қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қойдық. Әрине, ойын күнтізбеміз қиын екенін жақсы білемін. Небәрі, үш күн бұрын Киевте ойнадық. Дегенмен, дәл осындай режимде төрт жылдан бері ойнап келе жатырмыз. Кәсіпқой футболшылар үшін қалыпты болу қажет. Егер чемпион атанғымыз келсе, алаңға басқаша дайындықпен шығуға тиіспіз. Команда сапындағы ойыншылар дәл мұндай режимге дайын болмаса, оларға «Астана» сапында орын жоқ екендігін нақты түсінулері тиіс. Үзіліс кезінде біз жігіттермен өте маңызды әңгіме өрбіттік. Ал екінші таймда команда жақсы ойнай бастады. Негізі алғашқы минуттан солай ойнау керек еді. Бұл біз үшін өте маңызды үш ұпай. Сондықтан, барша жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын, – дейді Бабаян. «Ақжайық» (Орал) –  «Астана» (Астана) – 1:2 Голдар:Алмейда, 23 (0:1). Щеткин, 26 (0:2). Карашаускс, 37 (1:2). «Ақжайық: Боровик, Басов, Главина, Ерсалымов (Антипов, 46), Карашаускс (Худобяк, 71), Мане, Е.Нұрғалиев (Хаиров, 81), Сапанов (к), Тапалов, Чачуа, Шайықов. «Астана»: Эрич (к), Бейсебеков, Зайнутдинов, Логвиненко, Малый, Мұжықов, Мұртазаев (Энрике, 80), Постников, Щеткин (Маевский, 73), Алмейда (Кляйнхайслер, 46), Янга. Бас төреші: Асхат Абданбаев (Тараз). Орал, П. Атоян атындағы стадион. 3500 көрермен. https://youtu.be/bxmOCze7Si4
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×