«Астана» «Қайсарды» сенімді түрде жеңді

24.11.2020, 19:43
Екі команда да турнирлік кестедегі орындарын сақтап қалды.
«Астана» «Қайсарды» сенімді түрде жеңді

Елордалық "Астана" Премьер-лиганың 20-турында Қызылордалық "Қайсарды" еш қиындықсыз жеңді. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен матч 3:1 есебімен аяқталды.

Марин Томасов кездесудегі алғашқы голдың авторы атанды. Бірақ араға бес минут салып Максим Федин есепті теңетірді. 61-минутта Пиерос Сотириу баспен гол соғып, командасын алға шығарды. Ал 73-минутта дәл осы Сотириу пенальтиден гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

"Астана" бұл ойыннан кейін 30 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды. "Қайсар" 24 ұпаймен алтыншы орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×