«Астана» «Қайсардың» ойыншысына көз тікті

25.07.2020, 19:10
Тағыберген өзін «Астанада» сынап көргісі келеді.
«Астана» «Қайсардың» ойыншысына көз тікті

Футболдан Қазақстан чемпионы «Астана» «Қайсардың» көшбасшысы Асхат Тағыбергенге қызығушылық танытуда. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

«Қайсардың» капитаны Асхат Тағыберген «Астанаға» бара алады. 29 жастағы жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасында өнер көрсететін еліміздегі ең мықты клубтың құрамында өзін қайта сынап көруге қарсы емес, Михал Билектің өзі бұл трансферге оң көзбен қарауда, бірақ «қасқырлардың» басшылығы қарсы. Трансфер жүзеге аса ма, жоқ па, тікелей соларға байланысты болады.

Егер «Астана» ойыншы үшін нақты ақша ұсынса, онда бәрі де басқаша болар еді. Бірақ ел чемпионының қазір трансфер жасауға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан олар бәрін басқа жолмен келісу керек.

29 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда «Қайсар» сапында төрт ойын өткізді, үшеуі лигада және біреуі Суперкубокта. Қазіргі уақытта қызылордалық клуб Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Тағыберген "Астанаға" 2016 жылдың ақпан айында ауысып келген еді. 2017 жылы ол «Тобылға» жалға беріліп, бір жылдан кейін "Қайсарға" оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×