«Астана» қақпашысы клубпен келісім-шартын ұзартты

22.12.2021, 01:18
Непогодов командадан кетеді деп күтілуде.
«Астана» қақпашысы клубпен келісім-шартын ұзартты

Елордалық «Астана» мен қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий екі жылға есептелген жаңа келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін келісім-шарт мерзімі аяқталған Заруцкийге ресейлік «Химкидің» қызығушылық танытқаны туралы ақпараттар пайда болған еді.

Өткен маусымның бірінші жартысында Дмитрий Непогодов негізгі қақпашы болғанымен, кейінірек бас бапкер Заруцкийге сенім артқан болатын.

Қазақстандық қақпашы өткен маусымда елордалық клуб үшін 15 матчқа қатысып, 8 гол жіберіп алды, ал 9 матчта қақпасын голдан аман сақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×