«Астана» қақпашысы командадан кетіп, Ресейден нұсқалар қарастыруда

27.11.2021, 02:17
Қақпашыға мәскеулік клуб көз тігіп отыр.
«Астана» қақпашысы командадан кетіп, Ресейден нұсқалар қарастыруда

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астананың» жаңа бапкерлер штабы команданың қақпашысы Александр Заруцкийге сенім артпайды.

28 жастағы қақпашы маусымның екінші бөлігінде Дмитрий Непогодовтың орнын басып, негізгі қақпашыға айналған еді. Бірақ «Астанаға» ауысқанға дейін Заруцкий өзін сапалы қақпашы ретінде көрсете білді: өткен қыста ол «Арсенал Тула» клубында қаралымнан өтіп, келісім-шартқа отыруға жақын болды, бірақ үшінші қақпашы болғысы келмеді.

Енді Заруцкий Ресейге кету үшін тағы бір әрекет жасап көрмек. Бұл үшін белгілі бір жағдайлар орын алуы керек. Тарқатып айтсақ, «Химки» өздерінің негізгі қақпашысы Илья Лантратовты ресейлік клубтардың біріне сатып, орнына қазақстандық қақпашыны қатарға қосуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×