«Астана» қақпашысы Қазақстан құрамасына шақырту алды

02.09.2021, 16:37
Әзірге қай қапашыны алмастырғаны белгісіз.
«Астана» қақпашысы Қазақстан құрамасына шақырту алды

"Астана" қақпашысы Дмитрий Непогодов Қазақстан құрамасына шақырту алды. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлады. Бірақ әзірге қай қақпашыны алмастырғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Естеріңізде болса, Талғат Маруаұлы Непогодовты кеңейтілген тізімге енгізген еді. Ал негізгі құрамға Стас Покатилов, Игорь Шацкий, сондай-ақ Мұхамеджан Сейсен іліккен болатын. Ал енді Дмитрий Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларымен болатын матчқа қатысуға мүмкіндік алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×