«Астана» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісім-шартты ұзартты

25.11.2021, 02:54
Футболшы ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойыпты.
«Астана» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысымен келісім-шартты ұзартты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Астанамен» ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойды.

Қуатпен келісім-шарт маусым аяқталғаннан кейін бірден ұзартылды, бірақ қазіргі трансферлік тыйымға байланысты клуб бұл жаңалықты ресми түрде жариялауға асықпай отыр. Ол әзірге клуб басшылығынан мұндай ұсыныс алған жалғыз ойыншы болып тұр. Ол Срджан Благоевич бас бапкер болып тағайындалғанға дейін келісім-шартын ұзартып қойған екен.

Исламбек Қуаттың «Химкиден» «Астанаға» ауысуы елордалық клуб жанкүйерлерінің үлкен наразылығын тудырды. Бірақ футболшы командадағы ең маңызды ойыншыға айналды. Қуат Премьер-лигада 23 матч өткізіп, бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×