"Астана" қорғаушысы Жарко Томашевичтің Черногория құрамасының сапында COVID-19-ға қарсы тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Осы себепті Томашевич жақын арада "Астана" орналасқан жерге келе алмайды. Айта кетейік, қорғаушы Ұлттар лигасының Кипр (4:0) және Әзірбайжанға (0:0) қарсы ойындарына арналған тізімге енбеген.
Одан бөлек, 12 қарашада Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Черногориямен тең ойнады (0:0).
Томашевич биыл "Астана" үшін 11 матч өткізіп, үш гол соққан болатын. Ал оның командасы 16 турда 27 ұпай жинап, үшінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET