«Астана» ресейлік футболшымен келісім-шартқа отырды

01.03.2021 13:50 ҚПЛ

1992 жылы туылған футболшы 92 нөмірмен өнер көрсетпек.

«Астана» ресейлік футболшымен келісім-шартқа отырды

28 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Валерий Чуперка "Астана" клубымен еңбек келісім-шартын түзді.

Елордалық "Астана" бұл трансфер туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ ҚКФЛ футболшының "Астананың" жаңа маусымға арналған құрамына енгенін хабарлады.

Чуперка 2020 жылы "гол + пас" жүйесінде "Тамбовтың" көшбасшысы болды. Өткен жылы 25 ойында 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. РПЛ-дің ағымдағы маусымында 16 матч өткізіп, 2 гол соқты. Бірақ ол "Тамбов" клубымен келісім-шартты бұзып, командадан кетіп қалды.

Чуперка бұған дейін "Енисей", "Краснодар", "Балтика", "Ростов", "Томь", "Анжи", "Спартак Нальчик" және молдавиялық "УТМ академиясында" ойнаған.

0 пікір