«Астана» румыниялық клубты жеңе алмады

18.02.2022, 15:21
Елордалық клуб бар күшін «Шахтермен» болатын ойынға сақтап қалды.
«Астана» румыниялық клубты жеңе алмады

Елордалық «Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында румыниялық «Решицамен» тең түсті (1:1).

«Астана»: Данил Подымский (қ) – Сағи Совет, Талғат Құсяпов, Бауыржан Ахаев, Абзал Бейсебеков – Рахат Маратов (Даниил Бескоровайный 75), Юрий Перцух, Мейрамбек Қалмырза, Санжар Шураханов – Владислав Прокопенко, Станислав Басманов;

Қосалқы құрам: Александр Заруцкий (қ) - Исламбек Қуат - Педро Эуженио, Абат Айымбетов.

«Решица» 15 турдан кейін 43 ұпаймен Румынияның үшінші лигасында көш бастап келеді.

Срджан Благоевич шәкірттері келесі кездесуін бүгін донецкілік «Шахтерге» қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×