Елордалық “Астана” 22 жастағы шабуылшы Ннамди Аханонумен келісімге келгенін хабарлады.
Футболшының елордалық командадағы келісімшарты 3 жылға дейін жарамды. Шабуылшының Албания чемпионатының үздік ойыншысы деген атағы бар.
Аханону “Астанаға” “Скендербеу” ұжымынан келіп қосылды. Өз мансабында ол “Турбина”, “Апекс Крейн” және “Окагбуе” командаларында өнер көрсетті.
Жалпы кәсіби мансабында 22 жастағы ойыншы 45 ойын өткізіп, қарсылас қақпасынан 15 рет саңылау тапқан.
Біздің серіктес: FONBET