«Астана» сапында Босния жастар құрамасының экс-шабуылшысы қаралымда жүр

11.02.2021, 02:51
Елордалық клуб сапында бір матч өткізіп үлгерді.
«Астана» сапында Босния жастар құрамасының экс-шабуылшысы қаралымда жүр

"Астананың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына 22 жастағы босниялық шабуылшы Семир Смайлагич қатысуда, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Семир бүгін "Химкиге" қарсы өткен жолдастық матчта өнер көрсетті. Алаңға негізгі құрамда шығып, екінші таймда орнын Рамазан Кәрімовке босатып берді. Бүл кездесу 4:1 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды.

Смайлагич - "Сараевоның" түлегі. Сондай-ақ жергілікті "Младост" пен "Слобода" клубтарында ойнады. Шабуылшының соңғы клубы словениялық "Горица" болды, онда ол 53 кездесу өткізіп, он гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×