«Астана»? Сарапшылар биылғы премьер-лигадағы басты фаворитті атады

Бүгін, 14:44

Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» тілшісі Мұрат Мұқашұлына сұхбатында ҚПЛ-2026-дағы фавориттерді атап, болжамын берді.

 

«Астана»? Сарапшылар биылғы премьер-лигадағы басты фаворитті атады
Марин Томасов пен Дастан Сәтпаев допқа таласуда

«Биылғы ҚПЛ өте қызық болатын сияқты. Неге дейсіз ғой? Бұл жерде негізгі тартыс алты команданың арасында болады. Бұрын енді «Астана» мен «Қайрат» десек, қазір тағы 4 клуб қосылады деп ойлаймын – «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Ордабасы». Мұндай кең көлемдегі бәсекелестік болғаны дұрыс. Одан біз тек ұтамыз. Біраз жағдай алғашқы екі-үш турдан кейін-ақ белгілі болып қалады. Әйтсе де, фаворит статусында сол біз атаған командалар қала бермек. Олардың арасында тек сол «Астананың» жағдайы белгісіздеу болып тұр. Кубокті алуға «Ордабасы», «Ақтөбе» сосын тағы «Қайсар» ұмтылатын секілді», - деді Б. Есмағамбетов.

ҚПЛ-2026 1-тур ойындары 7-8 наурыз күндері басталады. Алдағы сенбіде «Тобыл» жаңа маусымды «Ақтөбеге» қарсы кездесумен ашпақ. Бұл бәсеке «Түркістан Арена» алаңында өтеді. Бұл күні тағы 3 кездесу жоспарланған – «Оқжетпес» - «Елімай», «Алтай» - «Қайрат», «Ордабасы» - «Ертіс».        

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×