«Астана» сербиялық қорғаушыға көз тікті

25.01.2021, 17:56
Қорғаушы кезінде Сербия құрамасына шақыртылған екен.
«Астана» сербиялық қорғаушыға көз тікті

"Црвена Звезда" командасының 28 жастағы сербиялық қорғаушысы Марко Гобелич "Астана" сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Srbijadanas.com сайты.

Гобелич соңғы төрт маусымда "Црвена Звезда" клубының намысын қорғады, бірақ өткен маусымда негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алды. Ойыншыға аты аталмаған поляк клубынан және "Астанадан" ұсыныс түскен екен.

Гобелич "Црвена Звезда" командасында 79 матч өткізіп, 8 гол соқты. 2017 және 2019 жылдары Марко Сербия құрамасы сапында екі жолдастық кездесуге қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×