“Астана” шабуылшысы Конференция Лигасының іріктеу кезеңіндегі үздік топ-5 сұрмерген қатарында

30.08.2024, 21:23

“Астана” командасының көшбасшысы Джеффри Чинеду еурокубок турнирінде 5 гол соғу арқылы сұрмергендер арасында өз есімін қалдырды.

“Астана” шабуылшысы Конференция Лигасының іріктеу кезеңіндегі үздік топ-5 сұрмерген қатарында

Жалпы елорда ұжымы Конференция Лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінде молдовалық “Милсамиге” қарсы ойында бастады. Алғашында қарқын ала алмаған “Астана” келесі кездесуінде қалай ойнау керектігін көрсетті. Румыниялық “Корвинулмен” кездескен Бабаян шәкірттер қарсыласын байқамады да. Қос ойын қорытындысы бойынша 8:2 есебімен жеңген “Астана” сапында Джеффри 3 гол соқты. Одан кейін нигериялық норвегиялық “Браннмен” болған бір матчта маңызды дубль жасады. Бас-аяғы Чинеду Конференция Лигасында өткізген 6 кездесуде 5 гол соқты. 

Сұрмергендер көшінде 6 голмен армениялық НОА клубының 29 жастағы ойыншысы Гонсало Грегорио орнықты. Одан кейін 5 голдық нәтижемен Леви Гарсия (АЕК), Михал Дюриш (“Спартак” Трнава), және жоғарыда аталған Чинеду бар. Ал үздік бестікті “Млада Болеславтың” 27 жастағы ойыншысы Томаш Ладра түйіндеп отыр (4 гол).

Айта кетейік, Джеффри 5 голдан бөлек, командаласына 1 голдық пас берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Астана
Серіктес жаңалықтары
×