«Астананың» голландиялық шабуылшысы Рай Влут командадан кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Шабуылшы қаржылық жағынан тиімді ұсыныс жасаған «Урал» клубына ауысқысы келеді.
Бір қызығы, елордалық клубқа спорт директоры Мұрат Тілешев пен экс-атқарушы директор Санжар Сейітқазиновтың қатысуымен еркін агент ретінде келген Влут «Уралға» 250 мың еуроға сатылмақ. Айта кетейік, РПЛ-дегі трансферлік терезе 8 қыркүйекте жабылады.
ҚПЛ-дың ағымдағы маусымында шабуылшы 13 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET