“Астана” “Спартакпен” тең тарқасты

Бүгін, 20:24

Елордалық "Астана" Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында кезекті бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Астана” “Спартакпен” тең тарқасты

Григорий Бабаян шәкірттері Мәскеулік "Спартакқа" қарсы ойнап, тартысты кездесуді тең аяқтады.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ Мәскеуліктер белсенділік танытты. Ойынның бар-жоғы 9-минутында "Спартактың” Ганалық қорғаушысы Александр Джику есеп ашып, Ресейлік клубты алға шығарды.

Гол жіберіп алғанына қарамастан, "Астана” ойын тізгінін қолға алуға тырысып, шабуылдарын үдете түсті. Елордалықтардың бұл талпынысы матчтың екінші жартысында өз жемісін берді.

Матчтың 71-минутында Хорватиялық легионер Карло Бартолец мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Қалған уақытта екі команда да есепті өзгертуге тырысқанымен, таблодағы 1:1 көрсеткіші ойын соңына дейін сақталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×