Санжар Сатанов
Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, қорғаушы Санжар Сатанов «Астанаға» ауысуға жақын.
25 жастағы футболшы елордалық клубпен келіссөз жүргізуде. Орталық қорғаушы өткен маусымды «Оқжетпес» сапында өткізген. Одан бөлек С. Сатанов «Тұран», «Мақтаарал» және «Атырау» намысын қорғады. Жалпы, Қазақстан премьер-лигасының аясындағы турнирлерде 47 кездесуге қатысып, 2 гол мен 1 ассисттің авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 175 мың Еуро.
«Астана» былтырғы ҚПЛ-де 2-орын алды. Жаңа маусым алдында команда қатарынан бірнеше негізі ойыншылар кетіп қалған. Олардың қатарында шабуылшы Джефри Чинеду, жартылай қорғаушы Макс Эбонг пен тағы басқалары бар.