"Астана" топтан шықпаса жұмыстан кетемін

23.11.2018, 01:04
"Астана" топтан шықпаса жұмыстан кетемін
"Астана" футбол клубының президенті Саян Хамитжанов дәл осылай мәлімдеме жасады. "Еуропа лигасының көктемгі плэй-офф сатысына шықпасақ онда жұмыстан кетемін. Ал егер өтіп кетсек, онда клуб сол жарыстан шығып қалғанша президент қызметін атқара беремін" деді Саян Жақсыгелдіұлы. Осының алдында ғана клуб басшысы "бір жерде 5 жыл жұмыс істей беру дұрыс емес" деп айтып қалған еді. Айта кетуіміз керек, 29-қараша күні "Астана" өз алаңында "Динамо" Киевті қабылдайды. Сол ойында елордалықтардың жарыстағы тағдыры шешіледі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×