«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын жеңіліспен аяқтады

23.02.2022, 16:43
Елордалық клуб алты матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті.
«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын жеңіліспен аяқтады

Елордалық «Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында латвиялық «Лиепаядан» 0:1 есебімен ұтылды.

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва, Даниил Бескоровайный, Денис Поляков, Камо Оганесян – Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Жереми Манзорро – Педро Эуженио, Марин Томасов (к), Абат Айымбетов;

Қосалқы құрам: Александр Заруцкий (қ) – Абзал Бейсебеков, Талғат Құсяпов, Артем Рахманов – Юрий Перцух – Владислав Прокопенко, Станислав Басманов.

Бұл елордалық клуб үшін оқу-жаттығу жиынындағы соңғы матч болды. Срджан Благоевич шәкірттері Түркияда 6 кездесу өткізіп, оның біреуінде жеңіске жетіп, бір ойында рет тең түсті.

Енді «Астана» Қазақстанға оралып, жаңа маусымға дайындығын жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×