«Астана» украиналық клубтан айласын асырды

15.02.2022, 16:49
Қос команда жабылып жүріп бес гол соқты.
«Астана» украиналық клубтан айласын асырды

«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде украиналық «Мариупольді» 3:2 есебімен ұтты. Елордалық клуб сапында Педро Эуженио, Камо Оганксян және Станислав Басманов көзге түсті.

«Астана»: Александр Заруцкий (қ) - Брайан Сильва, Талғат Кусяпов, Даниил Бескоровайный, Камо Оганесян - Исламбек Қуат, Сұлтан Сағнаев, Юрий Перцух - Педро Эуженио, Марин Томасов (к), Абат Айымбетов

Қосалқы құрам: Марко Милошевич (қ) - Бауыржан Ахаев, Рахат Маратов, Санжар Шураханов - Абзал Бейсебеков, Мейрамбек Қалмырза - Владислав Прокопенко, Станислав Басманов

Украина Премьер-лигасының ағымдағы маусымында «Мариуполь» турнирлік кестеде соңғы орында келе жатыр.

Срджан Благоевич шәкірттері келесі кездесуін 18 ақпанда «Шахтер Донецк» клубына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×