«Астана» ұтты, «Елімай» биыл жүлдесіз қалатын сыңайлы

20.10.2024, 18:24

ҚПЛ-дің 23-турында «Астана» сырт алаңда «Елімайды» ірі есеппен ұтып, турнирлік кестеде бірден екі сатыға көтерілді.

«Астана» ұтты, «Елімай» биыл жүлдесіз қалатын сыңайлы
«Астана» футболшылары голдарын тойлауда

Григорий Бабаянның командасы Семейдегі матчта биылғы премьер-лигадағы амбициясын анық аңғартты - «Астананың» көздегені бас жүлде. Сонымен, ойынның өзіне оралсақ, матчтың басында Андрей Карповичтің командасында аздаған басымдық болған. Алайда, уақыт өте қонақтар кездесу тізгінін қолдарына мықтап ұстап, оны голға айналдырған еді. Елордалықтар сапынан бұл бәсекеде бірінші допты Камара салды (33-минут). Сондай-ақ, 36-минутта Марин Томасов пен кездесу соңына таман Рамазан Кәрімовтің де қанжығасы майланған. 

Григорий Бабаянның командасы осы жетістігінің арқасында үздік үштіктің қатарына енді. «Астананың» қоржынында қазір 38 ұпай және қосымша бір ойыны бар. Ал көш басындағы «Ордабасыда» 39 ұпай. Екінші сатыда «Қайрат».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×