«Астана» Заруцкий мен Непогодовтың орнын басатын қақпашы тапты

27.11.2021, 16:36
Серб маманы аяқпен жақсы ойнайтын қақпашы алғысы келеді.
«Астана» Заруцкий мен Непогодовтың орнын басатын қақпашы тапты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астананың» жаңа бас бапкері Срджан Благоевич қақпашыға қатысты шешім қабылдап қойды.

Благоевичтің футбол философиясындағы маңызды рөлді аяқпен жақсы ойнайтын қақпашы атқарады. Сондықтан ол клуб басшылығына дәл осы талапқа сай қақпашы табу керектігін айтып үлгерді. Бұл позицияға басты үміткер – серб маманына жақсы таныс өзінің отандасы Марко Милошевич.

30 жастағы қақпашы соңғы екі маусымды «Каспийде» өткізді, ҚПЛ-да 43 матчқа қатысып, 62 гол жіберіп алды (әр маусымда 31 гол). Оның «Астанаға» ауысу ықтималдығы өте жоғары. Себебі клубтың екі қақпашысы – Дмитрий Непогодов пен Александр Заруцкийдің келісім-шарттары аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×