Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Астана" басшылығының атқарушы директор Пол Эшуорттың бас бапкер ретіндегі жұмысына көңілі толмайды және осы лауазымға ықтимал кандидаттармен келіссөздерді жалғастырады.
Англиялық маманның басқаруымен команда ҚПЛ-дің екі матчында «Тараз» және «Шахтермен» тең түсіп, ұпай жоғалтты, сонымен қатар «Ордабасы» командасын пенальтиден соғылған екі голдың арқасында жеңді.
Қазір елордалық клуб көшбасшы "Қайраттан" алты ұпайға қалып отыр. «Астананың» биылғы маусымдағы басты сәтсіздігі еурокубоктардан ерте шығып қалуы болып табылады. Эшуорт баптаған команда Черногориялық "Будучность" клубынан жеңілді (0:1).
Қазіргі уақытта клуб басшылығы бас бапкер қызметіне лайықты бірнеше шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізуде. Айта кету керек, «Оқжетпестің» бас бапкері Андрей Карпович енді бұл қызметке үміткерлер тізімінде жоқ.
Біздің серіктес: FONBET