Елордалық "Астананың" жас таланты Нұрали Жақсылықтың болашағына қатысты маңызды жаңалық белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
21 жастағы жартылай қорғаушы клубпен қолданыстағы келісімшартын 2026 жылдың соңына дейін ұзартты.
Литваға сапар және Еуропалық тәжірибе
Match KZ мәліметінше Клуб басшылығы футболшының ойын практикасын арттыру мақсатында оны жалға беру туралы шешім қабылдады. Нұрали алдағы маусымды Литваның ең атақты ұжымдарының бірі — Вильнюстік "Жальгиристе” өткізеді. Жалдау мерзімі 2026 жылдың жазына дейін деп жоспарланған.
Сонымен қатар, Қазақстандық ойыншыға грузиялық клубтардың бірі де ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұл Нұрәлидің трансферлік нарықтағы сұранысының жоғары екенін аңғартады.
2025 жылғы Қазақстан Премьер лигасында Нұрәли Жақсылық 15 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берген болатын.