«Астана» жастары келесі маусымда Чемпиондар лигасында бақ сынайды

15.11.2021, 20:20
Елордалық клубтың жастары Қазақстан чемпионы атанды.
«Астана» жастары келесі маусымда Чемпиондар лигасында бақ сынайды

«Астана» клубының 2003-2004 жылғы тәрбиеленушілері Қазақстан чемпионы атанып, жастар арасындағы еурокубок бәсекесіне жолдама алды. 

«Қайратпен» болған ойында елордалық клуб жастары 2:1 есебімен жеңіске жетіп, мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Осылайша, «Астана» жастар командасы келесі жылы Чемпиондар лигасында өз бақтарын сынап көреді.

Айта кетейік, жастар командасын Владимир Глевич пен Вячеслав Прокопенко жаттықтыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×