
Екі команда жақында ғана Қазақстан Кубогінің ширек финалында жолыққан.
Ол кезде негізгі уақытта тең тарқасып 1:1, жеңімпаз тек ойын соңындағы пенальтиден анықталды (Жеңіс жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты). Ал премьер-лигада жағдай мүлде бөлек, командалар экватордың екі жағында орналасқан. «Астана» үздік үштікті түйіндеп тұрса, Пиралы Әлиевтің командасы 9 турдың қортындысында бар болғаны 11-орынға жайғасқан. ҚПЛ-дегі теріс нәтижелердің кесірінен де бас бапкер Акис Вавалис орнына кеткен сыңайлы (ресми - отбаслық жағдайға байланысты деп айтылған). Биыл «Жеңіс» жеңіске жетуде үлкен қиындықтарға кезігуде. Мысал үшін, 9 матчта 6 рет тең түссе, қалғанында ұтылған. Енді елордалық клуб басшылығы ұлттық команда бас бапкерінің бауырына тізгінін ұстатып, сенім артуда. Бұл Пиралы Әлиевтің жоғары дивизионда бас бапкер ретіндегі алғашқы қадамдары деуге болады.
«Астана» чемпионатта «Тобылдан» және сол «Жеңістен» жеңілген кубоктік кездесуден кейін ҚПЛ-дің ең осал өкілі «Ұлытауды» ұтты 2:0. Осындай сәтсіздіктер белең алғанда Григорий Бабаян елордалық клубтың біраз ішкі мәселелері барын да айтып қалған. Дәлірек айтсақ, ең танымал қазақстандық командада қаржылай қиындықтардың туындағаны белгілі болды. ҚПЛ-дегі бәсеке қызып, еурокубок іріктеулері таяған шақта мұндай тұрақсыздықтың салдары ауыр тиюі мүмкін. «Астана» оған дейін жағдайды түзеп үлгереді деген сенім бар.
Біздің болжам - «Астана» - «Жеңіс» кездесуінде жалпы тотал 3-тен көп болады. Бұған Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі 2.50 коэффициент тарту етеді.
Біздің серіктес: FONBET